ІІД өкілінің мәліметінше, продюсердің үйден кетіп қалу себебі белгісіз.
фото: Tengrinews.kz.
ERNUR.KZ. Алматы полицейлері "Томирис" фильмінің продюсері Анна Чакиртованы тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Қажетті кешенді шаралар жүргізілді. Анна табылды, байланысқа шықты. Саяжайда болған, аман-есен. Іздестіру шаралары тоқтатылды", - деп хабарлады Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек. ІІД өкілінің мәліметінше, продюсердің үйден кетіп қалу себебі белгісіз.
Еске сала кетейік, Анна Чакиртова үйден 2 шілдеде шамамен сағат 21.20-да шығып кеткен. Сол күйі оны ешкім көрмеген. Күйеуінің айтуынша, осыған дейін мұндай жағдай болған емес.