​Жоғарғы Сот 60 мың теңге үшін сотталған әйелді ақтады

0
2 098

Сол кезде А.С.Ситина кассадағы 100 мың теңгенің 60 мыңын рұқсатсыз алып, ақшаны жалақы ретінде алғаны жөнінде қолхат қалдырады. Бұдан әрі дүкеннің кілтін қалдырып, А.С.Ситина жұмыс орнын тастап кетеді.


​Жоғарғы Сот 60 мың теңге үшін сотталған әйелді ақтады

ERNUR.KZ. Жоғарғы Соттың кассациялық алқасы құрылыс материалдары дүкенінде сатушы болып істеп жүріп соты болған азаматшаға қатысты ақтау үкімін шығарды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Жоғарғы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сот ісі бойынша, А.С.Ситина дүкен иесімен еңбек қатынастарын заңды түрде ресімдемеген. Жұмыс берушімен қолма-қол 60 мың теңге жалақыға ауызша келісімге келеді. Кейінірек қожайын уақытша қиындықтарды желеу етіп, жұмыс істеген кезеңі үшін А.С.Ситинаға жалақысын төлеуден бас тартады. Қожайын әңгіме барысында оған дауыс көтереді.

Сол кезде А.С.Ситина кассадағы 100 мың теңгенің 60 мыңын рұқсатсыз алып, ақшаны жалақы ретінде алғаны жөнінде қолхат қалдырады. Бұдан әрі дүкеннің кілтін қалдырып, А.С.Ситина жұмыс орнын тастап кетеді.

А.С.Ситина 60 мың теңгені ұрлағаны үшін жауаптылыққа тартылып, 1 жыл 6 айға бас бостандығы шектеледі.

Кассациялық алқа сотталғанның әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамы жоқ деген қорытындыға келді. Барлық айыптаулар бойынша А.С.Ситина ақталып, шығарылған сот актілерінің күші жойылды.