Сенаторлар бұл ұсынысқа қолдау білдіріп дауыс берді.
Фото: qmonitor.kz
ERNUR.KZ. Бүгін Сенаттың жалпы отырысында ҚР Жоғарғы сотының үш судьясы қызметінен босатылды, деп жазады inbusiness.kz.
– Қазақстан Президентінің ұсынуы негізінде және Конституцияның 55-бабының 1-тармақшасына, "ҚР Парламенті және оның депутаттары мәртебесі туралы" Конституциялық заңына, сондай-ақ ҚР Сот жүйесі мен судьяларының мәрбесі туралы" Конституциялық заңына сәйкес, Парламент Сенатына Асқаржан Қапезұлы Кенжеғаринді, Ғазиза Шәмшидинқызы Мұсабекованы орнынан түсуіне байланысты және Бейбіт Бекмұхаметұлы Шермұхаметовты зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Жоғарғы сотының судьялары қызметінен болсату ұсынылды, – деді Парламент Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Нұрлан Бекназаров.


