Осы орайда ол аталған судьялар өз саласының білікті мамандары екенін, облыстық соттарға басшылық еткенін жеткізді.
ERNUR.KZ. Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында Жоғарғы соттың судьялары сайланды, деп жазады ҚазАқпарат.
Атап айтқанда, Жоғарғы сот судьясы лауазымына Әмір Досжан Сарманқұлұлы, Нұрышев Қамбар Жұмабайұлы сайланды.
«Мемлекет басшысы аталған азаматтарды Жоғарғы сот судьясы қызметіне сайлау туралы ұсынымды енгізді. Таныстырылған бұл адамдардың көп жылдық судьялық еңбек өтілі бар», - деді Жоғары сот кеңесінің төрағасы Денис Шипп.
Осы орайда ол аталған судьялар өз саласының білікті мамандары екенін, облыстық соттарға басшылық еткенін жеткізді.
Айта кетейік, судья қызметіне сайланғаннан кейін судьялар Парламент Сенатының жалпы отырысында салтанатты түрде ант берді.