​Жол апаты кезінде жүргізуші тірідей жанып кетті

0
1 786

Павлодар қаласына қарасты Байдала ауылының маңында екі көлік соқтығысып, өртеніп кетті


​Жол апаты кезінде жүргізуші тірідей жанып кетті

сурет:ru.korzonews.info

ERNUR.KZ. Павлодар қаласына қарасты Байдала ауылының маңында екі көлік соқтығысып, өртеніп кетті, деп жазады Baq.kz.

Тірідей жанған жүргізушінің аты-жөні анықталған жоқ.

Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің маманы Алма Мұсабекованың хабарлауынша, облыс орталығынан 15 шақырымдық жерде «ГАЗель» жəне «Lada» көліктері соқтығысқан.

«Жол апаты кезінде екі машина толық жанып кетті. Екінші көліктің жүргізушісі оқиға орнында жан тапсырды. Қазіргі уақытты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр», - дейді Алма Мұсабекова.

Оқиға орнына ТЖД-нің өрт құрылымдары дереу жеткен.

Сала мамандарының айтуынша, өрт санаулы секундтарда туындаған. Құтқарушылардың пайымдауынша, автокөліктер газбен жүруі мүмкін. Апат орнына жеткен мамандар мүрдені криминалистік полиция қызметкеріне берді.