Жабайы жыртқыш Өскемен-Зырян трассасын жағалап жүрген.
ERNUR.KZ. Жабайы жыртқыш Өскемен-Зырян трассасын жағалап жүрген, деп жазады Baq.kz.
Әлеуметтік желіде жолдың шетінде сілеусіннің кетіп бара жатқанын бейнелейтін видео тараған.
Онда жыртқыш көліктерден қорықпай еркін жүргенін байқауға болады. Автор видеоны Өскемен-Зырян автожолында түсіргенін айтады.
Желіде Зырян ауданының тұрғындары оған таңғалудың еш қажеті қажеті жоқ екенін жазған. Себебі, жабайы жыртқыштар аталған өңірдегі елді-мекендерде жиі көзге түседі екен.