Халықаралық тас жолда болған жол апатының бейнежазбасы тарады.
ERNUR.KZ. Видеода көлік апатынан зардап шеккен жолаушылардың жол бойында жатқанын көруге болады, деп жазады Экспресс К.
Жол апаты ақпан айының 5-і Астрахань-Атырау-Ақтөбе халықаралық тас жолында болған. Тура Мақат ауылына бұрылар тұста "Газель" маркалі жүк көлігі мен Toyota Camry көлігі бетпе-бет соқтығысады. Бейнежазбада бес адамның жол бойында жатқанын байқайсыз.
Абырой болғанда жол апатынан адам шығыны жоқ. Бәрі аман қалған. Бірақ ауыр жарақат алыпты. Аталған жайтқа байланысты полиция тергеу жұмыстарын жүргізуде.