Жолдарда жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізіледі

0
94

Шектеу 23 наурыздан 1 мамырға дейін енгізіліп отыр.


Жолдарда жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізіледі

фото: Акимат Восточно-Казахстанской области

ERNUR.KZ. Қазақстанда ауыр жүк көліктері үшін көктемгі шектеулер енгізіліп жатыр, деп жазады sputnik.kz.
Шектеу 23 наурыздан 1 мамырға дейін енгізіледі, олар 8 тоннадан астам жүгі бар жүк көліктеріне қолданылады, деп түсіндірді көлік министрлігінде.
"23 наурыздан бастап Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Абай облыстарының автомобиль жолдарында шектеулер енгізіледі", - деп хабарлады министрлікте.
Мұндай шектеулер елдің бірқатар оңтүстік және батыс аймағында 1 сәуірге дейін енгізілді, олар:
Алматы облысы;
Атырау облысы;
Жамбыл облысы;
Қызылорда облысы;
Маңғыстау облысы;
Түркістан облысы.
Сондай-ақ Жетісу және Ұлытау облыстары да бар.
Бұл ретте шектеулер халықаралық тасымалдарға, жолаушылар көлігіне, сондай-ақ төтенше жағдайларды жоюға байланысты тамақ өнімдерін, дәрілік заттар мен жүктерді тасымалдайтын жүк көліктеріне қолданылмайды.
"Бұл шаралар жыл сайын жол төсемінің маусымдық ылғалдану кезеңінде автожолдардың жай-күйін сақтау үшін қабылданады", - деп хабарлады көлік министрлігі.