Жүкті әйелдің өлімі: вице-министр аудандық ауруханаға барды

0
524

Ержан Нұрлыбаев Жамбыл облысындағы босандыру қызметін жетілдіру мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысына қатысты.


Жүкті әйелдің өлімі: вице-министр аудандық ауруханаға барды

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев Жамбыл облысында босандыру қызметін жетілдіру мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысына қатысты, деп жазады sputnik.kz.

Вице-министр әйелдердің денсаулығы ұлт денсаулығының негізі болып табылатынын айтып, әйелдердің денсаулығын сақтау және нығайту үшін барлық қолжетімді ресурстарды қажеттілігін ескертті.
Талқылау барысында сарапшылар жүкті әйелдерге медициналық көмек көрсету сапасына, инфекциялық қауіпсіздікке және ана өлімін төмендетудегі республикалық орталықтың рөліне назар аударды.
Өңірге жұмыс сапары барысында Ержан Нұрлыбаев облыстық перинаталдық орталықтың жұмысымен танысты. Ол Орталықтың құрамында "Бір күндік клиника" консультациялық-диагностикалық бөлімшесіне, жаңа туған нәрестелерді реанимациялау және патология бөлімшесіне, ахуалдық орталыққа барды.
Содан кейін вице-министр Шу көпбейінді аудандық орталық ауруханасына барып, қайғылы жағдайдың өліммен аяқталған жағдайларына егжей-тегжейлі талдау жасады.