Жүктілік кезінде парацетамол қабылдаудың зияны анықталды

0
1 402

Гиперактивтілік пен аутизмге әкеліп соғады.


Жүктілік кезінде парацетамол қабылдаудың зияны анықталды

ERNUR.KZ. Зерттеушілер жүктілік кезінде парацетамол қабылдау балада аутизм, гиперактивтілігінің бұзылуы сынды бірқатар аурулар тудыратынын анықтады, деп жазады Stan.kz.

Барселонаның жаһандық денсаулық сақтау институтының ғалымдары Еуропаның Дания, Греция, Ұлыбритания, Испания, Италия және Нидерланды сынды елдеріндегі 70 мыңнан астам баланың денсаулығы туралы мәліметтерді талдады. Ананың жүктілік кезінде қандай дәрі қабылдағаны басты назарға алынды. Болуы мүмкін ауытқулар өмірдің алғашқы айларында аналарға сауалнама жүргізу арқылы, қолданыстағы медициналық критерийлерге сәйкес бағаланды.

Нәтижелер көрсеткендей, туылғанға дейін аналары парацетамол қабылдаған балалардың 19 пайызынды аутизм симптомдарының әртүрлі дәрежелері, 21 пайызында гиперактивтілік синдромы байқалған.

"Біздің нәтижелеріміз алдыңғы зерттеулермен сәйкес келеді. Сонымен қатар, біз парацетамолдың ұлдар мен қыздарға бірдей әсер еткенін анықтадық”, – дейді зерттеу жетекшісі Сильвия Алемани.

Сарапшылар парацетамол жүкті әйелдерге рұқсат етілген антипиретикалық және анальгетиктердің аз мөлшерінің бірі екенін атап өтті. Дамыған елдердегі әйелдердің 46-56 пайызы жүктілік кезінде оны белгілі бір уақытта пайдаланады. Ғаымдар алынған нәтижелерге қарамастан, олар парацетамолды қабылдау аутизм мен гиперактивтілікке алып келеді деп кесіп айта алмайды.