"Жүктімін": Павлодар облысында сотты алдаған әйел қамауға алынды

0
171

Полиция қызметкерлеріне қатысты да тергеу жүргізіліп жатыр.


© AP Photo / Jean-Francois Badias
ERNUR.KZ. Павлодар облысы Ақсу қаласының тұрғыны мас кезінде көлік жүргізіп, жол апатына түскен, деп хабарлайды олыстық прокуратура, деп жазады sputnik.kz.
Кінәлі әйел өзінің жүкті екенін айтып, жалған анықтама жасаған.
"Әйелдің жүргізуші куәлігі болмаған, алкогольдік масаң күйде жол апатына түскен. Сотқа оның жүкті екендігі туралы анықтама ұсынылып, соның негізінде жаза жеңілдетіліп, әкімшілік қамау айыппұлмен ауыстырылған", - дейді прокуратура.
Алайда прокуратура медициналық құжаттың жалған екенін анықтаған. Қылмыстық кодекстің 416-бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Сонымен қатар полиция қызметкерлеріне қатысты да тергеу жүргізіліп жатыр.
Ақсу прокуратурасы апелляциялық өтінішхат енгізіп, айыппұлды әкімшілік қамауға ауыстыруды талап етті.
Облыстық соттың апелляциялық алқасының қаулысымен әйел 20 тәулікке қамауға алынды.