Жұмбақ жағдайда жоғалған павлодарлық өлі табылды

0
507

30 сәуірге қараған түні Дархан Батюк достарымен бірге Қарасұқ ауылынан бір шақырым жерде орналасқан шағын үйде демалған. Түнгі сағат үште жігіт белгісіз бағытта кеткені туралы хабарланды.


Жұмбақ жағдайда жоғалған павлодарлық өлі табылды

Жұмбақ жағдайда жоғалған павлодарлық өлі табылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы "VITA" еріктілері мәлімдеді.

"27 сәуірге қараған түні жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен 30 жастағы Дархан Байток өлі табылды. Осымен бітті. Өкінішке орай, біз қорыққан дүние орын алды", - деп жазды "VITA" жасағының іздеушілері Instagram-дағы парақшасында.

Айта кетейік, еріктілер жас жігітті жоғалған күннен бастап іздеуге кірісті. Осы уақыт ішінде олар Дарханның туыстарын қолдады.

Естеріңізге сала кетейік, 30 сәуірге қараған түні Дархан Батюк достарымен бірге Қарасұқ ауылынан бір шақырым жерде орналасқан шағын үйде демалған. Түнгі сағат үште жігіт белгісіз бағытта кеткені туралы хабарланды. Іздеушілерге достары Дарханның үйге бара жатқанын айтқаны мен ол үйіне оралмағанын айтты. Дархан туралы ақпарат үшін оның отбасы миллион теңге көлемінде сыйақы ұсынып, кейін бес миллионға дейін көтерді.