Кәмелетке толмаған балалар күніне 4 сағат қана жұмыс істеуі керек.
ERNUR.KZ. Жаз басталса оқушылар да жұмыс істеуге асығады. Бұл мәселе заңда қарастырылған, деп жазады Алтайньюс.
– Кәмелетке толмаған балалар, ата-анасының рұқсатымен, күніне 4 сағат қана жұмыс істеуі керек. Ал 18 жастағылар 8 сағат. Айына 35 мыңнан 65 мыңға дейін еңбекақы алуға тиіс олар, – деді Балалардың құқығын қорғау комитетінің төрағасы Ержан Ерсайынов.
Оның айтуынша, жұмыс беруші тарапынан қандай да бір оғаш қылықтар болып, бала құқығы тапталған жағдайда 111 телефон нөміріне хабарлап айту керек.