Жұмыс орнына пышақпен барған: Ұнатқан қызын алып қашпақ болған жігіт 3 жылға сотталуы мүмкін

0
878

20 жастағы бойжеткен оған тұрмысқа шығудан бас тартыпты.


Жұмыс орнына пышақпен барған: Ұнатқан қызын алып қашпақ болған жігіт 3 жылға сотталуы мүмкін

ERNUR.KZ. Жамбылда сүйктісін күштеп қалыңдық еткісі келген азамат қамауға алынды. Шу қаласының 30 жастағы тұрғыны өзі ұнататын қызға үйленбекші болған, деп хабарлайды ktk.kz.

Алайда 20 жастағы бойжеткен оған тұрмысқа шығудан бас тартыпты. Бұған намыстанған ер азамат, қыздың жұмысына келіп, оны алып қашуға әрекет жасады.

Альбина есікті іштен іліп алып, ашпай қойған. Ашуланған азамат қолындағы пышақпен құлыпты бұзбақ болады. Сән салонындағы айқайға бойжеткеннің әріптестері араласып, қызба жігітті сабасына түсіргісі келді. Алайда ол дауға араша түскендердің біріне пышақ сұғып алған. Денесіне өткір зат кірген азамат ауруханаға жеткізілгеннен кейін, жанжал шыққан жерге полицейлер келіп, 30 жастағы күдіктініні қамап тастаған. Енді бақыт құсын қолына қондыра алмаған жігіт кемі үш жылын түрмеде өткізуі мүмкін.

- Қызды әріптесі қорғамақшы болған. Нәтижесінде кеуде тұсынан пышақ жарақатын алған. Күдікті кінәсін мойындап, оған күзетпен бұлтартпау шарасы тағайындалды, - дейді Жамбыл облыстық ПД баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.