Жұмыс орнындағы тәлімгерлік: кәсіби стандарт бекітілді

0
71

Бұйрық 2026 жылғы 24 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.


Жұмыс орнындағы тәлімгерлік: кәсіби стандарт бекітілді

Фото: primeminister.kz

ERNUR.KZ. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2026 жылғы 5 мамырдағы бұйрықпен "жұмыс орнындағы тәлімгерлік" кәсіби стандартын бекітті, деп жазады zakon.kz.

Тәлімгер – кәсіпорынның (ұйымның) өндіріс немесе қызметтер көрсету саласының технологияларын меңгерген, жұмыс орнында оқытуды, өндірістік оқыту мен кәсіптік практикаға басшылықты жүзеге асыратын білікті жұмыскер.

Кәсіптік стандарттың қолданылу саласы: "Жұмыс орнындағы тәлімгерлік" (Кәсіптік стандарты) жұмыс орындарында жұмысшыларды, оқу орталықтарының, колледждердің, жоғары оқу орындарының оқушыларын, кәсіптік практикаларға қатысушыларды, өз біліктілігін арттыратын кәсіпорындардың жаңа жұмыскерлері мен жұмыскерлерін оқытатын кәсіпорындарындар, ұйымдар мамандарының кәсіптік талаптарын сипаттау үшін пайдаланылады.

Кәсіптік стандарт кәсіпорын тәлімгерлерінің қызметін ұйымдастыруға, кәсіпорындардың, ұйымдардың тәлімгерлерін даярлаудың оқу бағдарламасын әзірлеу және жұмыс орнында оқыту тәлімгерлерінің даярлаудың оқу бағдарламасын әзірлеу және жұмыс орнында оқыту тәлімгерлерінің біліктілік тану мақсатында біліктілік бағдарламасын жасау үшін қолданылады.

Кәсіпорын тәлімгерінің функциялары мен міндеттерін стандарттау тәлімгердің қаржыландыру кезінде сыйақы алатын еңбек шығындарын аңықтау, сондай-ақ оның қызметін бағалау және жақсарту үшін пайдаланылуы мүмкін.

Құжатта жұмыс орнындағы тәлімгердің біліктілігіне қойылатын талаптар сипатталған, ол жұмыстың күрделілігіне, жауапкершілігіне қарай біліктіліктің үш деңгейіне бөлінеді.

Тәлімгердің біліктілігінің 4 деңгейіне жаңа жұмысшыларды, оқыту орталықтарының оқушыларын, колледж студенттерін өндірістік дағдыларға оқыту ("білікті жұмысшы" даярлық деңгейіне) жатқызылды.

Біліктіліктің 5 деңгейінде тәлімгер жұмыс орнында оқыту орталықтарының оқушыларын, колледж студенттерін ("Орта буын маманы" даярлау деңгейіне), жоғары оқу орындарының кәсіби құзыреттіліктеріне оқытады.

Біліктіліктің 6 деңгейінде тәлімгер сарапшы ретінде жоғары оқу орындарының студенттерін, жаңа қызметкерлер мен біліктілікті арттыратын қызметкерлерді өндірістік жағдайда оқытады және тәжірибе береді.

Жаңа жұмысшылар үшін тәлімгер жұмыс орнында оқудың алдын-ала кезеңі ретінде өндірістік бейімделудің еңбек функциясын анықтайды.

Бұйрық 2026 жылғы 24 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.