Жүргізуші куәлігіне теориялық емтихандарды қашықтықтан тапсыру мүмкіндігі енгізілмек

0
96

Жүргізуші куәлігін алу үшін теориялық емтихандарды қашықтықтан тапсыру мүмкіндігін енгізу мәселесі пысықталып жатыр.


Жүргізуші куәлігіне теориялық емтихандарды қашықтықтан тапсыру мүмкіндігі енгізілмек

Фото: Kazinform/ЖИ

ERNUR.KZ. Бұл туралы Құрылтай депутаттарының сауалына Премьер-министрдің орынбасары — Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің жауабында айтылған, деп жазады inform.kz.

Оның мәліметінше. теориялық емтихандарды қабылдау үшін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық бөлімшелері базасын қолдануға мүмкіндік жоқ. Өйткені, ол алаңдар өзге емтихандар қабылдауға арналмаған. Ал Ұлттық тестілеу орталығының алаңында теориялық емтихан қабылдауға мүмкіндік бар.

Қазіргі уақытта Астанада аталған орталықтың алаңдарын пилоттық режимде пайдалануға уағаластық жасалған. Техникалық дайындық аяқталып, тиісті бірлескен бұйрыққа қол қойылған. Жоба осы айда іске асырылып, одан кейін аймақтарға кеңейтіледі.

— Сонымен бірге, жасанды интеллект және прокторинг технологияларын қолдана отырып теориялық емтихандарды қашықтан тапсыруды енгізу пысықталып жатыр. Бұл мамандандырылған ХҚО-ға жүктемені азайтуға мүмкіндік береді, — деді Жаслан Мәдиев.