13 ақпаннан бастап қазақстандықтарға өздерімен бірге жүргізуші куәлігі мен техқұжаттарын алып жүрмеуге болады.
ERNUR.KZ. Жүргізуші куәлігінің орнына жеке куәліктен басқа қандай құжаттарды көрсетуге болады?Төлқұжат, студенттік билет, eGov мобильді құжаттары немесе куәліктің суреті жарамды ма? Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басшысының орынбасары Серік Түсіпов айтып берді, деп жазады Tengrinews.kz.
"Жеке басты куәландыратын құжаттарға келетін болсақ, заң бойынша құжаттардың тек 12 түрі жеке басты куәландырады. Студенттік билет оған кірмейді, бірақ жүргізуші жеке куәліктен басқа төлқұжатты көрсете алады", - деді Түсіпов брифингте.
Ол "Қазақстандықтар жеке куәлігінің электрон нұсқасын көрсете алам ма?", деген сұраққа жауап берді.
"Цифрлық құжаттарға келетін болсақ, қазір цифрлық даму министрлігі құжаттар сервистерін дамытып жатыр. Бірақ жеке басын куәландыратын құжаттар туралы заңға сәйкес, оларға тек материалдық объектілер жатады. Бірақ бұл жұмыс жалғасады, цифрлық технологиялар бір орында тұрмайды, дамиды, олардың құқықтық мәртебесі де өзгереді. Сондықтан алдағы уақытта цифрлық құжаттарды пайдалану мүмкін екенін жоққа шығармаймыз", - деп уәде берді Түсіпов.
Еске салайық, 13 ақпаннан бастап қазақстандықтарға өздерімен бірге жүргізуші куәлігі мен техқұжаттарын алып жүрмеуге болады. Жүргізушілерде тек жеке куәлігі болуы керек.
Бұған дейін Қазақстанда жүргізуші құжаттарының бірін алуға ұмытып кетсе ескерту немесе 5 АЕК (13 225 теңге) мөлшерінде айыппұл қарастырылған болатын. 13 ақпаннан бастап айыппұл салынбайды.