Жыл басынан бері 44 бала терезеден құлап кетті

0
170

Көбіне ерте және мектепке дейінгі жастағы балалар оқыс жағдайға тап болып жатыр.


Жыл басынан бері 44 бала терезеден құлап кетті

фото: Photo

ERNUR.KZ. Қазақстанда жыл басынан бері 44 бала терезеден құлап кетті, деп жазады sputnik.kz.
Оның 4-еуі көз жұмды. Әсіресе оқыс жағдай Атырау, Маңғыстау облыстарында және Астанада жиі болып жатады.
"Атырау облысында 13, Астана қаласында 8, Маңғыстау облысында 4 бала құлап кеткен", - дейді министрлік.
Жазатайым оқиғалардың негізгі себептері:
- балаларды қараусыз қалдыру;
- жауапкершілікті үлкен балаларға жүктеу;
- терезелерде қорғаныш құрылғыларының болмауы;
- терезе маңында баланың өздігінен шығуына мүмкіндік беретін жиһаздың орналасуы;
- москит торларын сенімді қорғаныс ретінде қате қабылдау.
Министрлік ата-аналарға балаға мұқият қарау қажеттігін ескертті.