Жыл басынан Ұлттық қорға 3,6 трлн теңге түсті

0
93

Республикалық бюджетке алынған трансферттер көлемі 4,9 трлн теңге болды.


Жыл басынан Ұлттық қорға 3,6 трлн теңге түсті

Фото: aikyn.kz

ERNUR.KZ. Бұл туралы Ұлттық банктің төрағасы Тимур Сүлейменов Үкімет отырысында айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Жалпы халықаралық резервтер қарашаның соңында 125,7 млрд доллар болды, жыл басынан өсім 20,1% құрады. Ұлттық Банктің алтын-валюта резервтері 62,1 млрд долларға дейін 35,5%-ке, ал Ұлттық қордың активтері 63,6 млрд долларға дейін 8,1%-ке ұлғайды. Жыл басынан Ұлттық қорға 3,6 трлн теңге түсті, ал республикалық бюджетке алынған трансферттер көлемі 4,9 трлн теңге болды", – деді Тимур Сүлейменов.

Ұлттық қордың биылғы 11 айдағы инвестициялық кірісі 13,7%-ті, немесе 8,2 млрд долларды, яғни 4,2 трлн теңгеде эквивалентті құрады.