Жылқы еті мен дәрі-дәрмектерін арқалаған боксшыларымыз Азиадаға аттанды

0
1 526

Боксшылар дәрігер, жаттықтырушыларымен бірге Джакартаға кетті


Жылқы еті мен дәрі-дәрмектерін арқалаған боксшыларымыз Азиадаға аттанды

Фото:ҚазАқпарат

ERNUR.KZ. ҚазАқпарат - Қазақстанның 7 боксшысы жаттықтырушылармен және дәрігерлермен бірге Азия ойындарына аттанды, деп жазады. ҚазАқпарат

ҚР Бокс федерациясының мәліметінше, Қазақстан командасы алдымен Астанадан Бангкокқа дейін ұшады. Одан кейін үш сағат ұшақ күтіп, 4 сағат ұшып Джакартаға жетеді. Алғашқы екі күнде боксшыларымыз демалып, жергілікті климатқа, тамағына бейімделеді.

«Алғашқы екі күн бейімделу уақыты. Ал 18-і күні ойындардың ашылу рәсіміне қатысамыз. 19-ынан бастап алғашқы кездесулерге дайындықты бастаймыз. Өзімізбен бірге 20 келі жылқы етін әкетіп барамыз. Жігіттер кімге қанша және қай уақытта жеу керектігін өздері шешеді», - деді ұлттық құрамамыздың бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов.

Команданың дәрігері Ирек Сатовтың айтуынша, Азияның ыстық елдерінде ішек жұқпалы ауруларын жұқтыру қаупі жоғары. «Сондықтан мүмкіндігінше қолды жиі жуу керек. Біз шүмектен ағып тұрған сумен тісті тазаламауға кеңес береміз. Бөтелкедегі суды пайдаланған жөн. Барлық уақытта да мұндай жарыстарға үлкен жүкпен барамыз. Ал бұл жолы Азиаданың медициналық штабы көмектесіп, кейбір дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етеді. Сондықтан бұл жолы Джакартағы дәрігер мен массажшы 40 келіден астам дәрі-дәрмек апара жатыр», - деді ол.

Айта кетейік, боксшыларымыздың шаршы алаңдағы кездесулері 24 тамызда басталады.

Финалдық жекпе-жектер 1 қыркүйекте өтеді.