Дәл қазір жеке және заңды тұлғалардың жылуға берешегі 304 миллион теңгені құрайды
иллюстрациялық фото: ашықдереккөзден
ERNUR.KZ. Желтоқсан айынан бастап жылуға қарызы бар оралдықтарға несие берілмейтін болды, деп жазады 24.kz.
«Жайықжылуқуат» АҚ «Мемлекеттік кредиттік бюромен» бұл тұрғыда тиісті келісім жасапты. Енді ыстық су мен жылуға төлемақыны 90 күннен артық кешіктірген тұрғындар туралы мәлімет аталған мекемеге автоматты түрде жіберілмек.
Монополист кәсіпорын бұл қадамға амалсыз барғандарын айтады. Өйткені дәл қазір жеке және заңды тұлғалардың жылуға берешегі 304 миллион теңгені құрайды. 112 миллион теңге қарызды қайтарумен сот орындаушылар шұғылдануда. Осы қиындықтарға қарамастан шаһарға жылу жылдағыдан ерте берілді.
"Бізге ақша жетпегесін көп жөндеу жоспарға сала алмаймыз. 100% халық төлесе, біз көбірек ремонт істейтін едік. Кешеден бастап күн салқындағасын бүкіл қалаға жылу берілді. Енді бір қиындық бар, «Дайындық паспорты» деген" - дейді «Жайықжылуқуат» АҚ коммерциялық директоры Есенжан Шонаев.