Зорлық белгілері бар: Ақтөбеде өлі күйінде табылған бүлдіршінге қатысты тың дерек шықты

0
882

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Зорлық белгілері бар: Ақтөбеде өлі күйінде табылған бүлдіршінге қатысты тың дерек шықты

Ақтөбеде іздеу шараларының нәтижесінде 28 желтоқсанда жоғалып кеткен Данил Ахуновтың мәйіті табылды. Зорлықпен өлтіру белгілері бар. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

"Қылмыстық кодекстің 99-бабы 3-бөлігі ("Жас баланы өлтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмыстық істі тергеп-тексеру аясында өзге ақпарат жария етілмейді", - деді облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Ғалым Байжанов.

Еске салсақ, 28 желтоқсанда Ақтөбе қаласы Қазанғап көшесіндегі 59-шы үйдің ауласынан 2018 жылы туған Данил Ахунов жоғалып кетті.

Баланы іздеуге полицияның кешенді күштерінің жасақтары, ұлттық ұлан әскери қызметшілері мен еріктілер тартылды.

Бүгін жоғалған бүлдіршіннің өлі күйінде табылғанын жазған болатынбыз.