Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға көмек көрсету бағдарламасы әзірленді

0
453

Бағдарлама мақсаты – зорлық-зомбылыққа, қатыгездікке, буллингке ұшыраған.


Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға көмек көрсету бағдарламасы әзірленді

ERNUR.KZ. Оқу-ағарту министрлігі әрбір баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға көмек көрсету бағдарламасын әзірледі, деп жазады sputnik.kz.

Бағдарлама мақсаты – зорлық-зомбылыққа, қатыгездікке, буллингке ұшыраған, сондай-ақ қылмысқа куә болған балаларға кешенді көмек көрсетуге бағытталған. Бағдарлама балалардың эмоциялық, когнитивтік және мінез-құлқындағы салдарларды еңсеруге бағытталған.
Бастама балаларға көмек көрсету алгоритмін және кәмелетке толмағандардың қажеттіліктерін бағалау негізінде медициналық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік және құқықтық көмек көрсету түрлерінің кешенін қамтиды.
Сондай-ақ бағдарлама шеңберінде балалар мен олардың ата-аналарына психологиялық көмек көрсету бойынша бірыңғай әдістемелік ұсынымдар әзірленді.
"Әрбір бала зорлық-зомбылықтан қорғалуы тиіс. Осы бастаманың қабылдануы мемлекет пен қоғамның бала құқығын қорғау және әрбір баланың қауіпсіз балалық шағын қамтамасыз етудегі міндеттемесінің көрінісі. Бұл бағдарлама – балаларға зардап салдарымен күресу және психологиялық тұрғыда қолдау жүйесін құрудағы маңызды қадам", - деп атап өтті балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Юлия Овечкина.
Айта кетейік, көмек көрсету облыстық деңгейде психологиялық қолдау орталықтарының, аудандық деңгейде білім бөлімдерінің базасында іске асырылады.