​ИНФЕКЦИЯ мен ВИРУСТЫ өлтіру үшін ҚАЙНАҒАН СУ ішіңіз

0
11 087

Маңыздысы – қалай, қашан және қанша ішу керек?


​ИНФЕКЦИЯ мен ВИРУСТЫ өлтіру үшін ҚАЙНАҒАН СУ ішіңіз

фото: goodfon.com

Вирус немесе инфекция ағзаға түскен кезде бірден бойыңызға жайылады. Тынысыңыз тарылып, тамағыңыз жыбырлайды, жөтел қысып, түшкіре бастайсыз. Бір күннен соң қызуыңыз көтеріліп, буындарыңыз, бұлшықетіңіз ауырады. Бүкіл денеңіз қалтырап, бойыңызды әлсіздік билейді. Бұл мазасыздықтың бәрі ағзада өршіп жүрген вирустың әсерінен болып жатыр. Бұл кезде көпшілігіміз аурумен алысудың орнына бас көтермей жатуды жөн көреміз. Өйткені жүріп-тұруға шамамыз келмейді, жатып демалсақ күш жинаймыз деп ойлаймыз. Бұл үлкен қателік. Сіз жатқан кезде бойыңызды вирус «билейді». Сізді ырқына жығып, дегенін істейді. Сондықтан да уақыт оздырмай вирустың көзін жоюға әрекет жасаңыз. Ол үшін антибиотик қабылдап әуре болмаңыз. Үй жағдайында да дертіңізге дауа табасыз. Бұл емдеу әдістері ешбір ағзаға зиянын тигізбейді әрі ұзағымен 3 күнде керемет нәтижеге көз жеткізесіз. Сонымен:


ҚАЙНАҒАН СУ

Егер денеңіз тітіркеніп, түршігіп бастаса, жұтынсаңыз ауырып, жөтел қысса, бойыңды әлсіздік билесе бірден дәрі ішпеңіз. Ине салдырмаңыз. Оның орнына әр 10 минут сайын 1 стақан қайнаған су ішіңіз.

Оған қоса үздіксіз тамағыңызды, мұрныңызды шайыңыз. Ол үшін 1 литрлік банкіге қайнаған су құясыз. Суға 1 ас қасық тұз, 1 ас қасық ас содасы мен 4-5 тамшы йод тамызыңыз. Суды жақсылап араластырып, 5 минут сайын тамағыңызды шайыңыз.

Осы екі әдіс вирус пен инфекцияны өлтіріп, иммундық жүйеңізді нығайтады.

фото: redbody.ru

ЕМДІК СУСЫН

Сусынды дайындау үшін шамамен 5 см балғын зімбір тамыры, 1 ас қасық куркума, 1 бас сарымсақ, 1 бас пияз, 450 мл алма сірке суы мен 4 дана ащы бұрыш қажет. Қажеттілердің бәрін артық заттарынан, қабығынан тазалап алып, жуасыз. Сосын текшелеп турап, блендермен езіңіз. Езбені кеңдеу ыдысқа салып, үстіне алма сірке суын құясыз. Қоспаны жақсылап араластырып, шыны банкіге құйыңыз. Қақпағын мықтап жауып, ыдысты жылы орап, күн тимейтін жерге қойыңыз. Күніне бір рет ыдысты қозғап тұруды ұмытпаңыз.

Тура 4 аптадан соң емдік сусынды сүзіп алып, қайтадан шыны ыдысқа құясыз. Дайын болған сусынды 2 ас қасықтан күніне 3 рет ішіңіз. Бұл тұнбамен тамағыңызды, мұрныңызды шайсаңыз да керемет көмектеседі. Егер татымы ұнамаса 1 шай қасық табиғи бал қосуға болады.

Емдік сусынның құрамы суыққа қарсы күресетін, жөтелді емдеп, бойыңызға күш беретін пайдалы заттарға бай. Нақтырақ айтқанда:

  • Зімбір – денені қыздырып, терлетеді, ағзадағы артық затты, шлакты, уды шығарады;
  • Куркума – иммунитетті көтереді, суыққа, бактерияға, вирусқа қарсы күреседі;
  • Пияз – кверцетиннің қайнар көзі. Ол өз кезегінде керемет антиоксидант болып табылады. Вирусты жойып, суықтың алдын алады;
  • Алма сірке суы – ағзаны улы заттан тазартады. Тамақтың ауырғанын басып, асқазан мен ас қорыту жолдарының жұмысын жақсартады. Иммундық жүйені нығайтып, инфекцияны емдейді;
  • Ащы бұрыш – капсаицин затына бай. Ол ауруды басуға, суыққа қарсы күресуге қабілетті;
  • Сарымсақ – бактериямен күресетін табиғи антибиотик.


ЫСТЫҚ ДУШ

Мейлінше ыстық буға түскеніңіз дұрыс. Егер моншаға, саунаға барудың мүмкіндігі болмаса, үйде ыстық душқа түссеңіз де болады. Ыстық судың вируспен күресетін қасиеті ежелден белгілі. Душқа түскен кезде қан айналым жақсарып, иммунитетіңіз көтеріледі.


ҚАНТ пен СУ

400 гр. қантты (шекер) отқа күймейтін ыдысқа саласыз. Үстіне 1/4 стақан су құйып, отқа қойыңыз. Баяу отта қант ерігенше қайнатасыз. Қант толық еріген кезде 250 гр. коньяк пен 1 дана лимонның шырынын қосыңыз. Дайын болған емдік сусынды ыстық күйінде ішу керек.

фото: about-tea.ru


ЗІМБІР

Қазіргі эпидемиялық жағдайға байланысты уақытша қара шай ішуді қоя тұрғаныңыз жөн. Оның орнына емдік шайды көбірек ішуге кеңес береміз. Мәселен, әдеттегідей су қайнатып, 1 стақанға көк шай демдеңіз. 3-5 минуттан соң көк шайды сүзіп алып, балғын зімбір араластырып ішіңіз. Бұл шайды кез келген уақытта ішуге болады. Есесіне, бойыңызды билеген вирустан құтылып, иммунитетіңіз көтеріледі.


МҰРНЫҢЫЗ БІТЕЛГЕНДЕ – пияз, лаванда майын, қалампыр, бергамот, арша (можжевельник), қырмызыгүл (календула) иіскеңіз. Бұл әдісті дәрігерлер де құптайды.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.


Материал түрлі дереккөздерінен алынды


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ТАҢЕРТЕҢ салқын СУҒА түссеңіз ағзада қандай ӨЗГЕРІС болатынын білесіз бе?


ТАҢҚУРАЙ + СУ = ҚАҚЫРЫҚТЫ түсіреді


ДОНОР болудың ПАЙДАСЫ мен ЗИЯНЫ қандай?