​Мына ҮШ тұнба ҚАН ҚЫСЫМЫН түсіреді

0
7 472

Үш реттен кейін-ақ керемет нәтижесін көресіз


​Мына  ҮШ тұнба ҚАН ҚЫСЫМЫН түсіреді

фото: medside.ru

Қан қысымының көтерілуі немесе түсуі біз күтпеген жағдайда орын алады. Бірден мазаңыз кетіп, жағдайыңыз нашарлайды. Денсаулығыңызды қалпына келтіру үшін қалтаңыздағы не дәріқобдишаңыздағы дәріге жүгіресіз. Ал егер мына тұнбаны әзірлеп, уақытылы ішіп жүрсеңіз, онда кенеттен болатын кеселдің алдын алатыныңызға сенімді болыңыз.

Сіздерге үш түрлі тұнба ұсынамыз. Тәбетіңіз тартқан түрін таңдап, ем үшін ішсеңіз болады.


САРЫМСАҚ ТҰНБАСЫ

фото: Яндекс.Дзен

Сарымсақ көптеген ауруларға ем. Оның жоғары қан қысымын түсіретін де қасиеті бар. Сарымсақ тұнбасын дайындау үшін 250 мл су керек. Суды эмальді ыдысқа құйып, қайнатамыз. Қайнаған суға 1/2 шай қасық майдалап туралған сарымсақты саламыз. Сарымсақтың балғын түрін де пайдалануға болады.

Сарымсақ салынған суды 5 минуттай баяу отта қайнату керек. Содан соң қақпағын жауып, 45-60 минуттай тұндырып қоямыз. Осы уақыт өткеннен кейін тұнбаны сүзіп, ыдысқа құясыз.

Дайын тұнбаны таңертең тамақтанудан 20-30 минут бұрын, 100 мл-ден қабылдаңыз. Осылайша емді 1 апта бойы жалғастырасыз. Осындай тұнбаны сүтпен дайындаған да өте пайдалы. Дайындаудың тәсілі мынадай:

2 бас сарымсақты аршып, тазалап жуамыз да, эмальді ыдысқа саламыз. 300 мл сүт құйып, отқа қойып, 30 минут қайнатамыз. Сосын барлығын жақсылап араластырып, шыны ыдысқа құйып қоямыз. Қажет болған жағдайда қайнатпаны тоңазытқышта сақтауға болады. Тұнбаны 1 ас қасықтан күніне 3 реттен, тамақтанып болғаннан кейін 5-10 минут өткен соң қабылдайсыз. Емдік курсты 10 күн жалғастыру керектігін ескертеміз. Содан соң 2 апта үзіліс жасап, сосын емді қайта бастауға болады.


ПИЯЗ ҚАБЫҒЫНЫҢ ТҰНБАСЫ

фото: sm-news.ru

Пияз қабығынан дайындалған тұнбаны дұрыс қабылдаған жағдайда қан тамырлары тазарып, қанайналым жақсара түседі. Мұндай тұнбаны дайындау үшін 4 ас қасық пияз қабығына 700 мл су құясыз. Суды қайнатып, 5 минут баяу отта ұстау керек. Отты сөндіріп, қайнатпаны 1-2 сағат тұндырып қоямыз. Ең дұрысы қайнатпаны қақпағы жабылатын ыдыста ұстаймыз.

Дайын тұнбаны 100 мл-ден 2 рет тамақтанып болған соң қабылдайсыз. Емделу курсы – 14 күн.

Пияздың қабығын ғана емес, пияздан жасалған тұнбаның да қан қысымын түсіретін қасиеті бар. Ол үшін 3 дана пиязды аршып, оған 500 мл арақ құямыз. Сосын бұл тұнбаны шыны немесе эмальді ыдысқа құйып, қақпағын мықтап жауып, 7 күн сақтаймыз. Сонымен қатар, пияз қосылған тұнбаны қараңғы жерде сақтаған дұрыс. Бірақ та тоңазытқышқа салуға болмайды.

Дайын тұнбаны 1 шай қасықтан күніне 1 рет қабылдау керек. Тұнбаны қабылдау алдында бірнеше рет шайқауды немесе араластыруды ұмытпаңыз. Оған 3 ас қасық су қосып, содан кейін араластырған дұрыс. 10-15 күн бойы тұнбаны қабылдап, дертіңізге дауа таба аласыз.


ҚЫЗЫЛША мен ЛИМОН шырыны

фото: grandgames.net

Қызылша пайдалы заттарға бай көкөністердің бірі. Ол жүрек жұмысын жақсартып, асқазан-ішек жолдарының жұмысын реттейді. Ең бастысы қызылша, бал мен лимон шырыны қосылған тұнба қан қысымын түсіреді. Мұндай тұнбаны дайындау үшін 2 дана қызылшаның қабығын аршып, майда үккіштен өткіземіз. Осы қызылшаға бірдей көлемде бал және 1 шай қасық лимон шырынын қосамыз. Барлығын жақсылап араластырып, салқын әрі қараңғы жерде сақтау керек. Араласпаны шыны ыдысқа салып, қақпағын мықтап жабуды ұмытпаңыз. Араласпаны тоңазытқышта сақтауға болады.

Емді 1 ай бойы жүргізуге болады. Ал қабылдау үшін тамақтанудан 30 минут бұрын, 1 ас қасықтан ішіп отыру керек. Қабылдау күніне 2-4 реттен аспағаны абзал.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.


Материал түрлі дереккөздерінен алынды


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


АНТИБИОТИК қабылдағаннан кейін АҒЗАНЫ қалай қалпына келтіруге болады?


Әйелдердің ІШІ ШЫҒЫП кетуіне мына 7 жағдай СЕБЕП болады


ТӘТТІГЕ құмарлық қандай ҚАУІПТІҢ белгісі екенін білесіз бе?