Әнші алаяқтық жасаған ба?
Елімізге танымал әндердің авторы, әнші Гауһар Әлімбекованың басы тағы дауға қалды. Өнер иесі концерт өткізу үшін кәсіпкерден алғытөлем ретінде 2 милиион теңге алып, қайтармай қойған. Бұл туралы Серік есімді кәсіпкер өзінің Инстаграмдағы парақшасында жарялады.
Серіктің айтуынша, ол Гауһар Әлімбековамен концерт өткізуге 4 миллионға келісіп, аталған суманың жартысын төлеген.
"Достар, сіздерге мынадай бір оқиғаны айтқым келеді. Тамыз айының соңында Гауһар Әлімбековаға хабарласып, оның жеке концертін өткізуді ұсындым. Концерт Ақтөбе, Орал, Құлсары, Бейнеу, Ақтау қалаларында өтуі тиіс болған.
Қаламақысы 4 млн теңге болды. Оны жартысы алдын ала беруім керек еді. Барлық жарнамалық жұмыстарды атқардық, әншінің ұшып келуін, жатар жерін өз мойнымызға алдық. 23 қыркүйекте мен әншіге 2 млн теңгесін бердім", - деп жазды кәсіпкер.
Серіктің айтуынша, Гауһар Әлімбекова концерт өтпейтінін біле тұра 2 млн теңгені қайтармай қойған.
"Біз бір-бірімізге сенгендіктен келісім шарт жасасқан жоқпыз. БІз ауызша келістік. Концерт жақындағанда билеттер өтпеді. Мен әншіге хабарласып, концерттен бас тарттым. Зал мүлде толмады. Әншіден қаламақыны қайтаруды сұрадым. Ол қайтармайтынын айтты. Мені қара тізімге қойып, мүлде жауап бермей қойды. Енді Инстаграм арқылы айтуыма тура келіп тұр", - деді ол.
Желі қолданушыларыны бір тобы әншіні даттаса, бір тобы кәсіпкерге қарсы пікір білдірген.
Еске салайық, Гауһар Әлімбекова 2019 жылы 30 қаңтарда алаяқтық үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Бірақ көп өтпей әнші ақталып шыққан еді.