Атақты тележурналист Ләйлә Сұлтанқызы өзінің қазір күліп отырып еске алатын қиындықтары туралы желіде сыр шертті.
Ләйлә Сұлтанқызы: Бүгін сіздермен кезінде басымнан өткен қиындықтар мен қазір күлімдеп еске алатын сәттерімнің бірімен бөліскелі отырмын.
...1997 жыл. Журналистика факультетінің 3 курс студентімін. Танымал журналист, тележүргізуші болуды армандайтынмын.
Бірақ тәжірибем болмағандықтан, қай телеарна жұмысқа алсын?)
Сөйтіп жүріп, алғашында радиоға журналист болып жұмысқа тұрдым.
Таңғы 8-ден түскі 2-ге дейін сабақ оқысам, түстен кешке дейін, кейде таңға дейін жұмыста едім. Ұйықтау дегенді білмейтін едік...
Жалақым 50 доллар. Теңгемен есептегенде 3750 тг алатынмын. Ол ақша ештеңеге жетпейді. Автобусқа отыратын да ақша жоқ, жаяу жүретінмін.
Бірақ мойыған жоқпын. Өз арманыма сеніп, күні-түні жұмыс істедім.
Соның арқасында тура 6 жылдан кейін (2003 жылы) сол телекомпанияның директоры болдым.
Сол кездерді күліп еске алам. Өйткені, дәл сол шақта менің журналистикадағы жолым бастау алған еді.
Армандар орындалады ! Тек сену керек!Еңбектену керек".
Мұны оқыған желі оқырмандары да қиындыққа төтеп беру керектігін айтып, арасында өз мұңдары туралы да жазған. Кейбірі журналистің 6 жылда басшы болғанын естіп, "Тез көтерілген екенсің" деген ойларын айтқан.