Танымал әнші әрі білікті актрисаның образы көпшілікке неге ұнамай қалды?
Әнші Айгүл Иманбаеваның басы дауға қалды. Оның "Қазақ аруы - 2019" байқауындағы киген киімі көпшілікке ұнамай қалды, деп жазады ERNUR.KZ тілшісі.
Денесіне жабысып тұрған былғары комбинезон отандық дизайнерлер көмегімен таңдалған. Жасы қырықтан асқан актрисаның болмысына сай киім емес деп біледі, көпшілік. Әншінің бұл образы оның инстаграм желісіндегі фан-парақшасына жүктелген. Алайда, өзінің жеке паақшасына әлі жүктелмегені белгілі болды. Актрисаның тыңдармандары оның киіміне ғана емес, суретке түсу әдебіне де мән берсе керек.
Әншнің оқырмандарының арасынан "Елді қоя тұр, балаңнан ұят қой", "Есентаеваға еліктей бермеңізші". "Айгүл-ау, сені пример қылып жүр ғой халқым, мына тұрысың ұят", "бір түрлі екен, сізден дәл осыны күтпеген едік" деп жазған көпшілігі.
Десек те, Айгүлді қолдғандар да бар. Қай жаста болса да өзі біледі деп ойлайтын оқырмандар тек Камшат Жолдыбаева мен Баянға еліктемеуін сұрайды.