Айгүл Иманбаеваның ұлы көпбалалы отбасыларға планшет сыйлады

0
2 664

Айгүл Иманбаева: "Планшет алған балалардың интернеттеріне қаржы бөлінеді".


Айгүл Иманбаеваның ұлы көпбалалы отбасыларға планшет сыйлады

Танымал әнші, актриса Айгүл Иманбаева жаңа оқу жылы қарсаңында қайрымдылық акциясын өткізіп, жағдайы төмен, көпбалалы отбасылардың балаларына, қашықтықтан оқуға қажетті планшеттер тарту етті. Планшеттерді әр отбасыға әншінің ұлы Асылжан жеткізіп берген.

Бұл туралы әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

"Құрметті ата-аналар, достар. Aitu қосымшасымен бірге өткен Қайырымдылық акциямыз аяқталды. Жаңа оқу жылына балаларға оқуға керек техниканы алдық. Балалардың көздері қуанышқа толы, енді жаңа жылын қиыншылықсыз өткізеді деп сенеміз. Ай сайын Aitu-мен қосыла осы балалардың интернеттеріне қаржы бөлінеді. Алдыда қойған мақсаттарымыз көп. Жақында Сіздермен Aitu парақшамда басқа да қайырымдылық жоспарларыммен бөлісемін. Ал менің оқырмандарыма, барша көмек көрсеткен жандарға, мың алғыс білдіремін! Қолдағандарыңызға, тіркелгеніңізге мыңда бір РАХМЕТ!" - деп жазады әнші.

Бейнежазбадан қазіргі кездегі ең қажетті құралға қол жеткізген балалардың қандай қуанышта екенін көруге болады.

Иманбаеваның иманды ісіне риза болған көпшілік, әнші мен ұлына алғыс айтып, ізгі тілектерін жазуда.

"Айгүл ханым, балаңызға мың да бір рахмет, аман болсын балаңыз!", "Жарайсыздар! Жақсы перзент тәрбиелепсіз, жүзі сондай жылы, өзіңізге ұқсайды", " Жарайсың, Айгул! Халықтың алғысынан қымбат дәреже жоқ. Көріп риза болып отырмын", - деп жазады әлеуметтік желі қолданушылары.