Алтынай Жорабаева: "Әйелін еркелетіп, өзін сыйлата білу - азаматтың ақылдылығы"

0
9 724

Әәәәй, негізі еркелеткенді барлық әйел жақсы көреді ғой ия?


Алтынай Жорабаева:

Әнші желідегі парақшасына "Қайырлы кеш алтындарым! БАРЛЫҚ МАҚТАУЛАР МЕН МАДАҚТАР,ТЕК АЛЛАҒА ҒАНА ТӘН! Негізі бірінші фото еді , түспек болғанымыз . Жанида деген бастығымыз барлық моментті түсіріп үлгеріпті ғой.

Әәәәй, негізі еркелеткенді барлық әйел жақсы көреді ғой ия? Анда-санда еркелегенде тұрған ағаттық жоқ деп ойлаймын. Керісінше әйел шабыттанып,одан сайын ерін құрметтеп, бойсұнады. Әйелін еркелетіп,өзін сыйлата білу - ЕР АЗАМАТТЫҢ АҚЫЛДЫЛЫҒЫ! Ал менің ұстанымым “ЕРІНЕН ТӨМЕН БОЛА БІЛУ,ТЕК МЫҚТЫ ӘЙЕЛДІҢ ҒАНА ҚОЛЫНАН КЕЛЕДІ” АЛЛА ҰЛЫҚ!" деп жазба қалдырып, сүйіктісімен түскен суреттерін жариялаған.


Алтынай Жорабаеваның бақытты жүзін көрген жанкүйерлері оларға бақыт тілеп, ұлды болуды тілеген. Желі оқырмандары "Алтынай, бақытты болыңдар! 2021 де шекесі торсықтай ұлды боласың ау. Алланың қалауымен!", "Жүзі жылы кісі екен. Бақытты болыңдар!", "Алланың нұры жаусын! Әдемі, керемет жұпсыңдар. Мықты жігіт екен Алтын қызды бақытты еткен. Ұзағынан, Ғұмырлы, жақсы болсын деп тілеймін" деген ақжарма ниеттерін жарыса жазуда.