Өнер иелері көпшілікке немересі Айсұлуды алғаш рет көрсетті.
Фото: Видеодан скриншот
ERNUR.KZ. Танымал әнші Айгүл Иманбаева мен актер Сәбит Әбдіхалықов немересінің тұсаукесер тойын өткізді, деп жазады stan.kz.
Өнер иелері көпшілікке немересі Айсұлуды алғаш рет көрсетті.
“Құрметті достар, бүгін немереміз Айсұлудың тұсаукесер тойын жасаймыз. Бізбен бірге болыңыздар! Қазақтың маңдайына біткен өнердегі аға, апаларымның бірі кессе де болатын еді. Бірақ біздің таңдау Жадыраға түсті”, – деп жазды әнші.
Одан кейін әншінің қазіргі жұбайы тойға онлайн қосылды.
“Қашықтық махаббатқа кедергі емес. Экранның ар жағынан айтылған жылы сөз жүрекке тікелей жетеді”, – деп жазды өнер иесі.
Желі қолданушылары 20 жыл бұрын ажырасып кетсе де, әлі күнге дейін араласатын Сәбит пен Айгүлдің қарым-қатынасын көпке үлгі етті.
“Айгүл сондай ақылды әйел”, “Айсұлу Алтынайдың қыздарынан аумайды екен”, “Қос енесі де тойға келіпті”, “Қандай керемет көрініс”, “Бір-бірін жек көретін әйелдерге үлгі”, – деп жазды көпшілік.