"Апама не болған?": Жас қыздармен билеген Гүлзира Айдарбекова тағы сынға қалды

0
1 134


Белгілі хитменнің анасы Гүлзира Айдарбекова желіде өте белсенді екені білгілі. Оның жазбалары мен видеоларының қарылымдары да көп және жиі сын да айтылып жатады. Осы жолы жас қыздармен билеген Гүлзира ханымды оқырмандары түрлі сөздермен атқылаған.

Видеодан продюсердің туған күн кешінде жүргенін көруге болады. Олар бірдей қимылдарды қайталап, видео түсіріп, желіге таратқан. Гүлзира ханымда бұл видеоны өз парақшасында бөлісті.

Бұл видеоны көрген оқырмандарың пікірінің екіге жарылғанын байқау қиын емес. Бірақ олардың көп бөлігі "жасыңызға сай емес" деген сыңайдағы ойларын жазған.

Мысалы, "МЫНА қатын әбден алжиынн деген сияқты ғой. Жұрт айта береді, жаза береді дерсің. Өзің білесің, бірақ ұяттау, ерсілеу көрінеді" депті.

Десе де продюсердің үнемі көңілді, белсенді жүретінін қолдаған оқырмандары да жоқ емес.

Бөлісу