​«Апатты бізге пейіліміз үшін берді»: Жұбаныш Жексенұлының жазбасы көпшіліктің сынына ұшырады

0
7 722

«Көзі ашық азамат па десем...»


​«Апатты бізге пейіліміз үшін берді»: Жұбаныш Жексенұлының жазбасы көпшіліктің сынына ұшырады

Танымаш әнші Жұбаныш Жексенұлы елімізде болып жатқан су тасқыны, апат, басқа да қауіпті, қайғылы жағдайлардың бәрі адамдардың пейіліне байланысты деп өз ойын айтты.


«Соңғы кездердегі елімізде болып жатқан ауыр жағдайға байланысты менің ойым, мысалы, қаншама елді су алып, қаншама отбасы үйсіз қалды. Одан да басқа жағдайлар болып жатыр, мысалы. Соның бәрі бір-біріміздің көңілімізді қалдырғаннан, ренжіткеннен, пейілдің тарылғанынан, пиғылдың жаман болғанынан деп ойлаймын. Солай деп естігем негізі. Адамның ниет-пейілі бұзылса, осындай табиғи апаттарға әкеп соғады.


Сондықтан біз тезірек ниет-пиғылымызды түзеп, мінезімізді өзгертіп, сөзімізді, ойымызды, көзқарасымызды өзгертіп, іс-әрекетімізді дұрыстап, жайбарақат, музыка тыңдап отыратындай, аспанымызда ән қалықтайтындай жағдайға жетсек екен дейміз. Құдай бізге сабыр берсін, аман болайық» деп жазды Жұбаныш Жексенұлы «Инстаграм» парақшасына.


Алайда әншінің әлеуметтік желідегі оқырмандары бұл пікірмен келіспейтінін білдірді.


«Сонда биліктің түк кінәсі жоқ па?», «Не айтып отырғанын өзі білмейді, қайда бөлінген қаржы? Жымқырғандар туралы неге айтпайды? Көзі ашық азамат па десем, қорқақ, жалтақ, өзім аман болайын дейтін адамның біреуі екен», «Имамдардың әңгімесін көп тыңдап қойған-ау, қателестің, Құдайдың жазғаны емес, жемқорлардың кесірі бұл», «Аспаннан келген апат емес, көктемде қардың еритінін білген билік дайын отыруы тиіс еді», «Сіз әуелі су басып жатқан ауылдардағы халықтың жанайқайын жақсырап бір тыңдап шығыңыз. Мынау апат – айтып келген апат», «Бір ғана себеп – ол асқынып кеткен жемқорлық, басқасы – бос сөз» деп жазды әншінің оқырмандары.