«Апта сайын бренд сыйлық беремін»: Қыран Талапбек әйелін қуанту үшін жұмыс істейтінін айтты

0
953

«Не сыйласа да қуанышпен қабылдай білу керек»


«Апта сайын бренд сыйлық беремін»: Қыран Талапбек әйелін қуанту үшін жұмыс істейтінін айтты

Қазақстандағы мобилографияның «атасы» атанып кеткен белгілі блогер, мобилограф Қыран Талапбек пен әйелі, актриса, блогер Гүлзада Тұрлаш «DS show» бағдарламасына сұхбат беріп, отбасылық қарым-қатынастары жайлы сөз қозғады.


«Мен қазір өзім армандаған өмірді сүріп жатырмын. Бірақ бұның материалдық жағдайға қатысы жоқ. Мен Қыранға тұрмысқа шықпай тұрып-ақ бақуат өмір сүргенмін. Ал қазір рухани тұрғыда бақыттымын. Меніңше, әрбір қыз өзін сыйлайтын, сүйетін, қолдайтын жігітке тұрмысқа шығуды армандайтын шығар. Бұл тұрғыда менің арманым орындалды.


...Күйеуің апта сайын қымбат бағалы, бренд әшекей сыйлау үшін ең алдымен Құдайға шүкіршілік айтуды ұмытпау керек. Сосын сол сыйлықты берген адамға алғысыңды жаудырасың. Мейлі, ол тіпті кішкентай нәрсе болса да, шын жүректен қуана білу керек. Мәселен, Қыран екеуміз кездесіп жүргенде ол маған кәдімгі түймедақ гүлін алып келетін. Одан басқа ештеңе берген емес. Басында оған қатты ашуланатынмын, «қандай жігіт мынау» деп көңілім түсіп кететін. Бірақ, кейін бәрін түзетуге болатынын түсіндім. Ал қазір апта сайын қымбат сыйлық алып тұрамын», - деді Гүлзада Тұрлаш.


Актрисаның бұл пікірін күйеуі де қолдады. Ол әйелінің шынайы күлкісін көру үшін тынбай жұмыс істейтінін айтты.


«Неге мен әйеліме апта сайын қымбат сыйлық беремін? Өйткені бұл не берсем де шын жүрекпен қуанады, алғысын айтып қабылдайды. Оның сол қуанған эмоциясын көру маған энергия береді. Соны көру үшін әрекет етем, жұмыс істеймін. Еркектер ондайдан күш-қуат алады», - деді белгілі мобилограф.


Айта кетейік, мобилограф Қыран Талапбек бұған дейін әнші Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз Адайбековамен шаңырақ құрған еді. Кейін екеуі ажырасып кетті. Араларында бір ұл бар. Ал Гүлзада Тұрлашпен былтырғы жылдың шілде айында бас қосты.