«Асанәлі Әшімов кафенің шотын төледі»: Қазақстандық актерлер Қытайда «төбелес» шығарды

0
4 926

«Жылдың үздік вайны» атағына сұранып тұр»


«Асанәлі Әшімов кафенің шотын төледі»: Қазақстандық актерлер Қытайда «төбелес» шығарды

Қытайдың Хайнань аралында өтіп жатқан халықаралық кинофестивальге «Қазақфильм» атынан қатысуға барған еліміздің атақты актерлері вайн түсіріп, көпшілікті таң-тамаша етті. Әлеуметтік желі қолданушылары бұл вайнды «киноға бергісіз», «жылдың үздік вайны» деп мақтап жатыр.


Видеодан Берік Айтжанов, Асан Мәжит, Санжар Мәдиев пен Жайдарбек Күнғожиновты байқауға болады. Хайнань аралындағы бір мейрамханадан ас ішкен актерлер шот төлеуге таласып, ақырында өзара төбелесіп кетеді. Соңында аңыз адам - Асанәлі Әшімов келіп, төбелесіп жатқандарға оқты көзін қадап тұрып кафенің шотын төлейді.


Көпшілік бұл видеоны ерекше қабылдады. «Асанәлі атамыз ізбасарларының өзара қырқысқанына ашуланғандай, жанарымен ауызбіршілікке шақырғандай көрінді», «Жылдың үздік вайны» атағына сұранып тұр екен», «Ақырында Ка мырза төлеп тастады», «Асанәлі ағаны мұндай вайннан көреміз деп ойламадық», «Мына вайн потолок болды», «Актерлердің жай ғана есеп төлеуінің өзі бір кино ғой», «Ең қысқа метражды боевик» деген жанрмен байқауға қатыстыру керек» деп жазды желі қолданушылары.