​«Ажыраса алмадым, сотпен "келісіп" қоятын»: Баян Мақсатқызы бұрынғы күйеуімен болған оқиғаны есіне алды

0
2 920

«Екі сағат соққының астында жаттым, қызым құтқарып қалды»


​«Ажыраса алмадым, сотпен

Танымал продюсер, актриса Баян Алагөзова «Без мишуры» бағдарламасына сұхбат беріп, бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаевпен қарым-қатынасы жайлы айтып берді. Баян Мақсатқызы күйеуімен не себепті ажыраса алмағанын жайып салды.


«20 жасымда тұрмысқа шықтым. Бірақ қорқып өмір сүрдім. Ажырасып кеткім келді. Бірақ қолымнан келмеді. Үйленгенімізге екінші жыл болғанда ол маған қол көтерді. Сол кезде үйден кетіп, ажырасуға арыз бергем. Сот бізді ажырастырмады. Ақымақ болғам ғой, сот «Жап-жақсы жігіт қой, ол сені сүйеді екен...» деп әңгіме айтты. Ақырында «сендерді ажырата алмаймыз, өзіңнің тұрғылықты жеріңдегі сотқа арыз жаз» деп шығарып салды. Сосын мен екінші сотқа арыз тастадым. «Біз сіздерді ажырастыра алмаймыз, күйеуіңіздің мекен-жайы бойынша, сол ауданның сотына барыңыз» деп айтты. Ақырында бір кісі «сіз әлі түсінбедіңіз бе, біз сіздерді ажырастыра алмаймыз» деп ашық айтты. Яғни ол соттарды да сатып алған.


Араға үш ай салып үш сотқа арыз жазып жүргенде күйеуім мені қорқытып, бопсалап, «менен кете алмайсың, жердің қай түкіпіріне тығылсаң да тауып аламын» деп қыр-соңымнан қалмады. Соңында мен одан ешқашан, ешқандай жолмен құтыла алмайтынымды және маған ешкімнің көмектеспейтінін түсіндім. Сөйтіп өмір сүруге үйреніп кеттім. Ол мені махаббатына бөледі, шексіз сүйді. Барлық тілегімді орындайтын. Қалауымды әперді, балаларды ерекше жақсы көрді. Соған қоса мені үнемі бақылауда ұстады. Яғни бүгін кіммен кездесем, қайда кездесем, қанша уақыт біирге боламыз, соның бәрін тексеріп, аңдып отыратын. Қызғаншақтығында шек жоқ болды», - деді продюсер.


Ол сондай-ақ экс-күйеуінің соққыға жығып, өміріне қауіп төнген сәтті есіне алды.


«Махаббат айтып келмейді. Мен Тұрсынға ессіз ғашық болдым. Онсыз өмір сүре алмайтынымды түсіндім. «Іссапармен кеттім» деп сылтауратып, Тұрсынмен Грузияға аттандым. Ол жақта демалып жүргенде күйеуім бәрін біліп қойды. Телефонмен «Мен басқа біреуді сүйіп қалдым, сенімен ажырасамын» деп шешімімді айтып қойғам. Елге басқа Баян болып оралдым. Әуежайда Тұрсын өз әйеліне, мен өз күйеуіме, туыстарыма арамыздағы махаббат жайлы айтатын боп, қоштастық. Сол жерде қызыма хабарластым. «Мен елге келдім, 40 минутта үйде болам, туыстардың бәрін шақыр, сендерге айтатын әңгімем бар» деп айттым.


Бұл оқиға болмағанда 40 минутта үйге жететінім белгілі ғой. Бірақ күйеуім жиенімен бірге келді де, мені таксиден түсіріп, басқа көлікке отырғызды. Әрі қарай зорлық-зомбылық көрсетті, 2 сағат бойы қорлық көрдім. Жиені бір нәрсе дұрыс емес екенін сол кезде біліп, өз анасына, яғни экс-күйеуімнің әпкесіне хабарласыпты. Ал анасы қызыма айтқан.


Айсәуле маған, әкесіне соққан, хабарласа алмаған. Сөйтіп Талғар трассасынан бізді табады. Жол-жөнекей полиция, жедел жәрдем шақырыпты. Келіп, көліктің есігін ашайын десе, жабық болған. Аяқ киімімен, көліктің терезесін сындырып, мені алып шықты. Көлікте бұрынғы күйеуім де отыр еді. Сол жерде ұсталды. Ал мені ауруханаға алып кетті», - деді Баян Мақсатқызы.