"Астарлы ақиқат бағдарламасына қатты сеніп отырсыздар ғой" дейді әнші Ақбота Керімбекова...
Еліміздегі көптеген өзекті мәселелерді көтеріп талқыға салып, ақиқатты айқындап жүрген "Астарлы ақиқат" бағдарламасы біршама өнер иелеріне жақпай қалған секілді. Себебі, осы бағдарламадан кейін әншілердің біразы халықтың сынына қалған болатын. Солардың бірі - жүргізген ұтыс ойындары халық арасында үлкен талқыға түскен әнші қыздар Роза Әлқожа мен Ақбота Керімбекова. Қос әнші де бірі "бармаймын" деп бас тартып, бірі видеоүндеу жасап бағдарламаға қатыспаған болатын.
Алайда әнші Роза Әлқожа өзін студияға ешкім шақырмағанын айтып, эфирде бұл мәселеге қатысты тек біржақты көзқарас орын алғанына ашуланды. Оған қоса, эстрада жұлдызының бағдарламаны көргеннен кейін күйзеліске түскені белгілі болды. Бұл туралы әнші өзінің инстаграмм парақшасында жазған.
"Қайырлы күн! Оразаларыңыз қабыл болсын!
Неше түрлі жанға тиетін комменттер кетіпті. Алла жар болсын!.. Арнайы хабарды көріп шықтық. "Астарлы ақиқатқа" мені ешкім шақырған жоқ. Әбдіжаппарға "видео жіберсе" депті, жібердім. Сыртымнан "келмеді" дегені қызық болды. Алматыға енді ғана жеттік. Ауылда жүргенімді көріп отырсыздар. "Ұтыс ойынында өз туысы алды, әділ өткен жоқ" дегендер үшін. Мен мына кісіні танымаймын да! Үш көлік үш қалаға кетті. Атырау. Қарағанды. Түркістан.
Кешегі дауға байланысты тағы да салып қояйын. Бірінші кезеңде бәрі әділ өтті. Ұтпағандарға ақшасын қайтарам деп айта алмаймын. Бәрі бірдей ұтпайды ғой. Ол менің қалтама түскен жоқ. Жарнама үшін ғана алдым. Одан басқа ұйымдастырушылар таргетинг дегенге миллиондар жұмсап жарнама жасатып жатты.Оны өздері айта жатар. Ал, инвестор деген біздің келісімшартта көрсетілмеген. Маған "олар сізге дейін ақша салғандар. Енді инвестиция болмайды" деп сөз берген еді. Әйтпесе басқа әншілерді ескертер едім. Сіздерге ойнамаңыздар деп осында жаздым да негізі. Ол жігіттерге өзім де сендім. Бұлай болып кететінін білген де жоқпын!
@astarly_aqiqat @dina_tolepbergen бір жақты ғана пікір айтылған хабарыңызды көрдік. Бір жылап, бір күн күйзеліске түсіп те үлгердік. Рахмет! Денсаулық сыр беріп жатса, бала-шағама еге боларсыз!
Алла сізге пана болсын! Көлік ұтқандар өздері де жаза жатар. Ал инвестор дегендердің "ауызы күймейді" екен. Маска киген ана бір әйелдің ақшасын алып беріп ек әрең. Ақбота әпке ойнатқанда тағы ақша салыпты. Өзі ақшаға жақын болса не дейміз?!. Біз инвестицияны ешқашан жарнамалаған емеспіз! Ондай видео көрсеңіздер айтыңыздаршы! "Ақтың отын ақымақ өшіре алмайды" деген бар. Әлі ұйықтаған да жоқпыз. Неше жылдық еңбек адыра қап, қарғыс та естідік. "Жүйелі қарғыс жүйесін табады.Жүйесіз қарғыс иесін табады." Оразада тілге де ораза ұстаған дұрыс шығар?!.
Мейлі. Нағыз ақиқат мәңгі жас. Аллаға тапсырдық!" - деп жазады әнші.
"Басымды ауыртқым келмейді" деп эфирге келмеген Ақбота Керімбекова да бағдарламаға деген өз ренішін парақшасында жариялады.
"Амансыздарма, оразаларыңыз қабыл болсын баршаңызға. "Астарлы ақиқатты" көріп жек көріп отырсыздар ма? Ия, қателігіміз болды - сенгеніміз !!! Өз басым ешкімді алдағаным жоқ. Алла куә оған.. Барар жеріміз бір бәріміздің. Құзырлы органдар тексеріп болғаннан соң өз ойыммен бөлісемін деп сабыр сақтап отырғаным да өтірік емес. Розада менде ақша салыңыздар дегеніміз жоқ ешбір жарнамада. Ұтыс ойыны мен инвестиция екі бөлек дүние. Ұтыстан бір қазақ болсада үйлі, көлікті болса деген ниетім болған. Розаның өткізген ұтысында дәлелдерге сеніп, қайырымдылыққа сендім мен де, Құжаттарын көрсеткен соң. Ақша салу деген енді........
Ондай батпан ақшаға менде сенбеймін. Өзім біреуге, ақша беріп басым күйген талай. Ақшаларын көбейтіп алу болды ойлары, ия, түсінемін. Бірақ, мен алып мен қайтарам деп сендірсем аңгіме басқаша болар еді. Барлық дәлел де айтылар. Астарлы ақиқат бағдарламасына қатты сеніп отырсыздар ғой. Бармағаным өз себебі бар. Қарасын айтып, ағын айтпағанына налып отырмын. Мейлі, ақталмаймын. Қалғаны уақытында айтылар. Коронавирус ауруы бір-бірімізге жала жауып, қаралайтын, сүрінгенді табалайтын ауру болды ғой... Өкінішті. Менен зиян кешіп, менен жамандык көрген болсаңыздар кешірім сұраймын баршаңыздан. Қалай түсінсеңіздер де өз еріктеріңіз. Өнер адамдары да халық екенін білсеңіздер деймін. Аллам жар болсын баршамызға!" - деп жазады Ақбота Керімбекова.