Балжан Бидаш: "Әйтеуір бір күні ұзатылатынымды біліп, көйлегімді дайындап қойғанмын"

0
3 892

"Екі жақ тойды бір аптадан кейін деп белгілеп қойыпты".


Балжан Бидаш:

Жақында белгілі әзілкеш, актер Жахан Утаргалиевке тұрмысқа шыққан Балжан Бидаш, көйлегі бұрыннан дайын екенін айтты.

Бұл туралы желіге жазба жаряилаған әнші, "Тойдың күнін екі жақ сөйлесіп, бір аптадан кейін деп белгілеп қойыпты. Асығыс болып қаламыз ба, бәріне үлгереміз бе деп уайымдап қалып едім. Қайта, Ұзату көйлегін іздеп әуре болмадым. Қыз мұраты кету ғой, әйтеуір бір күні ұзатылатынымды біліп, көйлегімді дайындап қойған болатынмын.

Қазақстанның халық суретшісі (1944) Ә.Қастеев атамыздың шөбересі, мықты жас суретші, дизайнер Айсана Қастеева қазақ оюларын жаңаша стильде нақыштап, ою-өрнекпен сәнді киімдер тігіп жүрген осы көйлектің туыншысы.
Ал дизайнын өзім ойлап,сыздым. Ерекше, бұрын соңды ешкімде болмаған көйлекті қаладым.
Ерекшелігі ою-өрнектер краскамен салынса да (Handmade) жууға болады. Айтпақшы, тақиясымен суретке түсемін деп ұмытып кетіппін. Айсаным саған үлкен рахмет, қолың дерт көрмесін.
Достар, образыма пікіріңізді қалдырыңыз, және қыздар, Ұзатуыңызда осындай көйлек киер ме едіңіз
"-, дейді.

Мұны оқыған оқырмандары "Бәлкім, былтыр дайындаған боларсың?", "Бұрынғы жігітің ұсыныс айтқан кезде дайындағансың ғой" деген сынды пікірлер жазып жатыр. Ал кейбір жанкүйерлері әншінің сұлулығына тамсанып, бақыт тілеуде.

Бөлісу