«Бармайсың!»: Мадина Сәдуақасованы күйеуі Қайраттың туған күніне жібермей қойды

0
3 428

«Олжас дұрыс айтыпты»


«Бармайсың!»: Мадина Сәдуақасованы күйеуі Қайраттың туған күніне жібермей қойды

Қазақ эстрадасының хит орындаушыларының бірі Қайрат Нұртас өзінің 25 ақпандағы туған күнін Мальдив аралдарында тойламақшы екен. Бұл туралы әнші инстаграм парақшасында хабарлаған еді.

«Мальдив аралдарында менімен 6 күн демалыстың бағдарламасы төмендегідей:
1. Танысу кеші
2. Туған күніме арналған ән кешім
3. Квест ойыны
4. Мафия ойыны
5. Спорттық жарыс
Мальдив Туры 30 адамға ғана арналған! Ұмытылмас 6 күнді менімен және танымал жұлдыз, блогерлермен қарсы алғыңыз келсе кеш қалып қоймаңыз! Бұндай мүмкіндік енді қайталанбайды!
» деп жазған болатын.

Қайраттың өнердегі әріптес әпкесі танымал әнші Мадина Сәдуақасова Мальдивтегі туған күнге баруға қатты дайындалып, соңғы сәтте бара алмайтынын айтты. Себебі, күйеуі жібермей қойыпты.


Мадина Сәдуақасова Қайрат Нұртастың туған күніне бара алмайтыны белгілі болған соң шоу-бизнестегі әріптестері де алаңдаушылық білдірді. «Ойбойй Мадинуша айтпадың ба? Апаларым касымда деп. Әдеми тойлап қайтатын едік. Жаль сенің бармағаның» деді Жанар Жұмабаева.

Ал желі қолданушылары: «Мен де Турцияга бара алмай отырмын, бәрі жақсы», «Ақшаны басып жүр ме мастанғандар?!», «Аяқ астында акшаны басып жургенше берсін да бізге», «Не деген долларлар шашылып жатыр, ужас!», «Күйеуді тыңдау керек», «Не в тему емес, В тему) куйеуіңіз жібермесе болды, тыңдағаныңыз жөн» деген сияқты кеңестерін айтуда.