"Билік ешқашан шындық туралы фильмге ақша бөлмейді": Баян Алагөзова жаңа киносына халықтан ақша жинамақ

0
3 335

"Фильмді түсіруге краудфандинг жариялаймын".


Елдегі ең танымал продюсер Баян Алагөзова жаңа фильмнің жұмысына кірісті. Бұл жолы ол фильмді краудфандинг арқылы қаржыландырмақ.

Краудфандинг деген — бизнес идея немесе кез келген идеяны қаржыландыруға қаражат жинау платформасы.

Бұл туралы продюсер өзінің инстаграм парақшасына жазды.

"Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын❗️ Бұл ақиқатты фильмде көрсетудің бір ғана жолы бар. Мен өз оқырмандарымнан және еліміздегі әйелдердің жағдайына бей-жай қарамайтын барлық жандардан көмек сұраймын. Фильмді түсіруге краудфандинг жариялаймын. Әр қазақстандық фильмнің титрінен өз атын таба алады. Қанша қаржы аударатыныңыз маңызды емес. Бастысы, сіз бұл қатігездікке бей-жай қарамай, онымен күресуге дайынсыз.
Түсірілім аяқталғаннан кейін фильмге кеткен барлық шығындар бойынша есеп береміз.
Қаржының қалай жиналып жатқанын күнделік holanews.kz сайтынан бақылап отыра аласыз.
Қаражатты Kaspi Gold картасына мына нөмірге жібере аласыз:
+7 777 873 99 99 (Баян Максатовна А.)
Егер бұл жолмен жібере алмасаңыз, қосымша ақпаратты Holanews.kz сайтынан табасыз" , — дейді Баян Алагөзова.


Сондай-ақ, продюсердің бұл ойын өнердегі әріптестері мен оқырмандары қолдауда. Солардың бірі — әнші, Камшат Жолдыбаева.

Ол: "Біздің қоғамның ең үлкен жарасы - тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы еш цензурасыз айтуға кез келді.
Осы фильмді көрсетудің бір ғана жолы бар. Ол — мемлекеттен қаржы алмау. Себебі билік ешқашан шындық туралы фильмге ақша бөлмейді. Сондықтан фильмді түсіруге Баян Алагузова краудфандинг жариялады.Қанша қаржы аударатыныңыз маңызды емес. Бастысы, сіз бұл қатігездікке бей-жай қарамай, онымен күресуге дайынсыз" дейді.
Бөлісу