"Бір қанатымның орны үңірейіп тұратын": Әкесі туралы айтқан Айгүл Иманбаева көз жасын тоқтата алмады (видео)

0
5 561

"Өзім бұғаттап тастаған кішкентай Айгүлмен табысып, жүрегім тыныш тапты" - дейді актриса.


Белгілі әнші, актриса Айгүл Иманбаева сахнада өз сезімдерін ашық бөлісті. Әнші атақ пен абыройға қарамастан кеудесінде қуыс болғанын және ол әкесінің орны болғанын жасырмады. Бұл видеоны актриса өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жариялады.

Айгүл Иманбаева: "Өмірім де, өнерім де сіздердің көз алдарыңызда ғой. Жалпы өнердегі жеткен жетістігім, бағындырған биігім аз емес деп ойлаймын, шүкір! Бірақ менің бір қанатымның орны ылғи да үңірейіп тұратын. Ол қуысты мен өзімнің қайсарлығыммен жабуға тырысатынмын. Ол қуыс - менің әкемнің орны болатын. Кімнің әке-шешесі ажыраспай жатыр, одан драма жасаудың қажеті қанша деп ойлайтын шығарсыздар?! Мен де солай ойлағам. Бірақ есейіп, ой-санаң кемелденген сайын әкемді іздейтін болдым. Жасыратыны жоқ, әкеме бабалықпен талай ауыр сөздер айттым. Бірақ әкеме деген сағыныш биік еді. Бір күні реніш, тәкаппарлық дегенді сырып тастадым да әкемді іздеп бардым. Білесіздер ме, ол күні мен әкеммен ғана табысқан жоқпын, өзімнің ішімдегі кішкентай ғана Айгүлмен табыстым. Өзім бұғаттап тастаған кішкентай Айгүлмен табысып, жүрегім тыныш тапты. Кешірімнің күшін сезіну де бақыт екен".


Б9л видеоны көрген жанкүйерлері оның сөз саптауы мен сезімдерін ашық көрсеткеніне разы болып жақсы тілектерін жарыса жазып жатыр. Олар "Сөз саптауыңыздың өзі қандай керемет!", йТыңдап отырып көзіме жас келді. Ата-ананы таңдамайды деген. Бұл өмір сынақтан тұрады .Кімнің басынан не өтпейді. Қандай болса да ата-анаң бұл өмірде барына қуан. Мейлі жақсы болсын, мейлі жаман болсын. Бар болса, тірі жүрсе сол да - бақыт" деген ойларын жазған. Бірақ хейт жазатындар да табылған. Олар бұл видеоны жасандылыққа теңеп, "Әке-шешеңнің ажырасқанын хит қылдыңыз ғой. Оны несіне айта бересіз. Ажырасу-олардың шешімі. Сіздің өз өміріңіз бар. Қартайған шағында оны несіне мыжи бересіз? Өз өміріңізді сүрмейсіз бе? Өзіңіздің ажырасқаныңызды балаңыз неше жылдан кейін тап осылай езіп, мыжып айта берсе жақсы ма?", "Тексты жаттап алып, эмоциямен оқып, не қажеті болды екен соның?" деген наздарын жеткізген.