"Бізде бәрі жақсы!": Балаларымен суретін жариялаған Жұлдыз Абдукаримова оқырмандарын мазалаған сұраққа жауап берді

0
7 814

Оны естіген оқырмандары актрисаға қолдау білдірді.


Актриса Жұлдыз Абдукаримова бірнеше күн бұрын кіші ұлының ауырып қалғанын айтқан еді. Бұған оынң жанкүйерлері алаңдап қалған. Осыған байланысты Қайрат Нұртастың жары баласының жағдайы туралы айтты.

"Қайырлы күн! Ханды уайымдап сұрап жатқан, шипа тілеп жатқан бар ша оқырманыма рақмет! Тісі ауырып, қызуы көтеріліп шықты. Қазір емдетіп жатырмыз. Өміріміздің әрбір сәтінде қасымыздан жылы сөзбен табылатын сіздерге ризамыз! Бізде бәрі жақсы!" - деген Жұлдыз Абдукаримова.



Жұлдыздың бұл жазбасын оқыған желі қолданушылары "Ханюш ауырмасын, Аллам шипасын берсін!" деген пікірлерімен қолдау білдіріп, "Сіз өте бақытты анасыз!" деп анасына да шын ниеттерін білдірген.