«Біздің әулет ұнамай ма?» : Қайрат Нұртастың жары перзентіне сын айтқандарға ренжіді

0
2 349

«Қазіргі қазақ қоғамында қателіктің құны ауыр…»


«Біздің әулет ұнамай ма?» : Қайрат Нұртастың жары перзентіне сын айтқандарға ренжіді

Хитмен әнші Қайрат Нұртастың жары, актриса, тележүргізуші Жұлдыз Әбдікәрімова желідегі кей оқырмандарына ренжіп қалған сыңайлы. Ол инстапарақшасында балаларына сын айтқан адамдарға жазба арнады.


«Бұл ниеттің тарылғаны ма жоқ әлде расымен ет пен сүйектен жаратылған өзіміз сияқты пендені жеккөргенімізден бе?! “Жақсы сөйле не үндеме”, “Жақсының жақсылығын айт нұры тассын”, “Болар баланың бетін қақпа, белін бу” деген сөздердің авторы қазақ емес пе?! Ендеше сондай кең пейілден шыққан өз сөзімізге ісіміз неге сай болмай бара жатыр?!

Мен балаларымды жұрттан асқан талантты, өнерлі демеймін. Тіпті, өзгемен салыстырмаймын да. Өзінің кешегі күнінен жақсырақ, білімдірек, саналырақ, бақыттырақ болса болды. Құс екеш құс та өз балапанын қорғайды. Бұған дейін біздің отбасымызға қандай негатив айтылмай жатыр. Айтылсын, оны үлкендер көтереді. Ал олардан асып енді баланың жеке басына өту - бұл шектен шыққандық. Мен үшін дүниедегі ең қор адам - баланың жетістігіне қуана алмаған адам. Біздің әулет ұнамай ма, өміріңізді қиындатпай, жай ғана оқымай қоя салыңыз. Қазақ деген қалпымыз бен болмысымызға сай болайық. Бізді текке ұлы, дана, қонақжай, кеңпейіл демеген”,
- деді жұлдызды жар.


Ал актрисаның оқырмандары арасында «Кім не десе, о десін!», «Өзіңізге берік болыңыз! Сіздерді көріп сүйсініп отырамын», «Қуана білмегенге құт қонбайды» деген сияқты пікірлер жазылуда.