«Омырауы ақтарылайын деп тұрған желікбастардың ар жағына қазақ қыздарын «мың бұралтып» қойғаны қалай?»
Жақында «Қазақ аруы» байқауының қорытынды концерті өтті. Сол концертте ресейлік эстрада жұлдызы Светлана Лобода ашық-шашық киімімен ән айтып, артқы жағына ұлттық киімдегі қыздарды билетіп қойыпты. Анығы, ұйымдастырушылар креатив жасаймыз деп ұлттық намысымызға тиюді мақсат еткендей.
Осы концертті ұйымдастырушыларға қазақ өнеріндегі танымал композитор Ғалия Шаудырбаева «Лободаның артына қойып қыздарды, Леслидің аяғына жығып бере салатын ұйымдастырушылар, бүйткен креатив шоуларыңызға түкірдім де, қол қойдым!» деп шүйлікті.
Желідегілер де ұлттық намысымызға тиген ұйымдастырушыларды жерден алып, жерге салып жатыр.
«Бұлар бәле болды ғой», «Осындай концерт, жобаларды қадағалайтын ешкім жоқ па? Өткенде Киркоров колготкимен шықты. Енді Лободаны тайраңдатып қойғандары қалай?», «Шет ел болайын десе деңгей жетпейді, таза қазақ болайын десе не “модный болып”қаламыз деген қорқыныштан туған проблема ғой», «Ана арттағы қыздарды мазақ қылғандай көрініс екен», «Мәдениет және өнер министрі кім екен, соған хат жолдау керек қой. Болмаса сол министрге сөгіс беру керек», «Сіздердей ақыл айтатын аналарымыз барына қуаныштымын! Сахнаны қатты қадағалау керек! Мынау таза сұмдық! Масқара! Қыздардың сыны емес, жалаңаш хатундардың сыны болып кетті! Өйткені бұл жерде қызға тән қылық, әдеп мүлде жоқ! Қазақстанда "Мис " деген атау жоқ болу керек. Оның орнына тек "Қазақ аруы" деген атаумен ғана өтуі керек! Бірде жабыстырып, тыртыстырып киім киіп, өздерінше секеңдеп, одан қалса ұлттық киімді мынадай әнге қор қылып, ең соңында оп оңай "жент" деген сұрақтың болуы бұл деген ұлтына жаны ашымаған адамның ісі деп білемін. Мис деп өткізгісі келсе Қазақты қор қылмасын, араластырмасын! Қазір шығады небір білгіштер не болды соншама заманға сай күшті болды деп! Өйткені намыс жоқ оларда!» деп жазды.