"Бұтыңды ашып түсе салмадың ба?": Ерке Есмаханды қысқа көйлекпен көрген оқырмандары таңырқап қалды (видео)

0
7 568

Сен де сондай болғансың ба?


Әуелде ұзын көйлектермен баурайтын Ерке Есмахан Дубайдан жолдаған видеосымен көпшіліктің ызасын тудырып алды.

Жақында ғана демалыстан оралған әнші өзінің Дубайдағы өмірінен, видеолар жариялап, демалыс орнын жарнамалаған.

"Видеода Шетельская, Дубайская боп тұрған менғо. Мен негізі инстаға көп нәрсе сала қоймаймын. Инстаграмнан гөрі офлайн өмірім көңілдірек, қызығырақ, махаббатқа толы.
Сіздердің көретіндеріңіз өмірімнің шет жағасы ғой тек. Осы демалыста бәрін өшіріп, демалғым келген еді. Бірақ, біз тоқтаған отельдердің басшылығы менің демалыс, отель жайлы пікірімді жазғанымды қалады. Бір жағынан Дубайға саяхаттайтын жерлестеріме де менен кеңестер болсын дедім" -,
дейді Ерке қыз.

Бірақ Еркенің тыңдармандары оның жарнамасына емес, қысқа киіміне шүйліккен. Олар "Біртүрлі ерсілеу жаман көрінеді екен мына тұрыс?", "Туу осындай жасанды қылық не керек?", "Мынаган не болды талга жапысып калыпты гой" деген сынды теріс пікірлерді көптеп жазған.