Бұл комитет мемлекетіміздің өзге елдермен қатынасын, еліміздің қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы проблемаларын және осы мәселелерге қатысты заң жобаларын қарастырады.
Белгілі тележүргізуші, сенат депутаты Дана Нұржігіт "Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік" комитетінің мүшесі болды.
Әлеуметтік желідегі парақшасында депутаттық қызметінің алғашқы жұмыс күні аяқталғаны жайлы жазы отырып, өзінің қуанышты жаңалығын да жария етті.
"Сенат депутаты қызметіндегі алғашқы жұмыс күнім аяқталып келеді. Қазақстан Республикасы Парламентінің бірлескен отырысында жарияланған Президент жолдауы, Ант қабылдау рәсімі, Комитеттің алғашқы отырысы...
Мен "Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік" комитетінің мүшесі болдым. Бұл комитет, аты айтып тұрғандай, мемлекетіміздің өзге елдермен қатынасын, еліміздің қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы проблемаларын және осы мәселелерге қатысты заң жобаларын қарастырады", - дейді ол.