​«Енді біздің елге келмей-ақ қой»: ресейлік әнші Земфира тыңдармандарын ренжітіп алды

0
1 900

«Қазақстанымыздың атын бас әріппен жаз!» деп талап етті


​«Енді біздің елге келмей-ақ қой»: ресейлік әнші Земфира тыңдармандарын ренжітіп алды


Ресейдің танымал әншісі Земфира 18-20 тамыз күндері Алматы және Астана қалаларында жеке концертін берді. Алайда әнші концерттің ұйымдастыру жұмыстары өте төмен деңгей болғанын айтып, ақырында тыңдармандарын ренжітіп алды.


Земфира өзінің «Инстаграмдағы» парақшасына: «бір-біріне ұқсамайтын үш концерт. ой көп, қазақстандағы ұйымдастыру жұмысы өте нашар – табриз деген біреу, бәрін кәсібиліктің арқасында алып шықтық. рахмет» деп жазды.


Әншінің «табриз» дегенін тыңдармандар концертті ұйымдастырушы Табриз Шахиди есімді азамат деп тауып отыр. Ол танымал әншілердің концерттерін Орта Азия елдерінде ұйымдастыратын менеджер екен.


Аталмыш концертті ұйымдастырған Dpartners агенттігінің тағы бір менеджері Дана Орманбаева бұл мәселеге байланысты «Құрметті қазақстандықтар! Ертең мен әнші Земфираның жазбасына толық түсініктеме беремін. Сіздер меніңшындықты, адалдық пен кәсібилікті бірінші орынға қоятынымды білесіздер. Мен әншінің нақты нені меңзеп отырғанын білемін. Мұны жария еткім келмеп еді, алайда айтуға мәжбүрмін. Бұл мәселені өз арамызда шешу керек еді, себебі, көрермен бұған лайық емес. Шындықты айтар болсақ, солай-ақ болсын» деп жазды.


Земифираның «қазақстандағы ұйымдастыру жұмысы өте нашар» дегені тыңдармандардың ашуын туғызды. «Сенің концертіңнің билеті өте қымбат болды. Бірақ біз оған қарамай, бардық. Әдетте әншілер залдағы халықпен тығыз байланыс орнатып, арасында әңгіме айтып, қызықтырып отыратын еді. Сен амандасқаннан басқа ештеңе демедің. Оның үстіне біздің керемет мемлекеттің атын кішкентай әріппен жазғаның ашуыма тиіп отыр», «Земфираның концертіне бара алмадым деп өкініп отыр ем, мынадан кейін бармағаныма қуандым. Әніңді айтып, ақшамызды қалтаға басып алғасын не бықсытып отырсың», «Енді біздің елге келмей-ақ қой! Алған теңгелеріңді рахатыңа жарата бер», «Өкпеңді ұйымдастырушыларға айтпайсың ба, Қазақстанымызды бас әріппен жаз!» деді көпшілік.


Арада біраз уақыт өткенде Земфира халықтан кешірім сұрады. "Асығыс және қысқа жазам деп, қатеге де, тыныс белгілеріне де қарамадым, кешіріңіздер. Расымен де мені ҚАЗАҚСТАН өте жақсы қарсы алды" деді ол.