"Еркек сияқты": Айгүл Иманбаеваны көпшілік танымай қалды

0
1 534

Көпшілік әншінің ұлы өзінен аумайтынын айтуда.


Әнші, актриса, қазақтың ибалы келіні келбетімен танылған Айгүл Иманбаеваны көпшілік танымай қалды. Өзінің таудағы демалысын инстаграм парақшасына жүктеген шоу бизнес өкілінің бояусыз, қарапайым реңі оқырмандарын таңқалдырған.

Көпшілік басына кепка киген әншіні ер азамат екен деп қалған.


"Ұлыңызбен бұлай жүрсеңіз, әкесі екен деп қалады", "Ұлыңыз өзіңізден айнымайды екен", "Кепка жараспайды екен", "Баттастырып,тонналап макияж жасаса бəрі əдемі. Ал макияжсыз ??? Еркекке ұқсап қалыпты", "Ер адам ба деп қалдық ғой", "Жазуын оқымасам танымас ем, кепка кигесін жігіт па деп қалдық", "Мəссаған! Тура жігіт сияқты боп тұрсыз!" - деп жазады таңданған оқырмандар.