​«Ішім толған үрей мен уайым»: Төреғали Төреәлінің әйелі қыз-келіншектерге ақыл айтты

0
1 166

«Мейірбикелер су беруге жарамады»


​«Ішім толған үрей мен уайым»: Төреғали Төреәлінің әйелі қыз-келіншектерге ақыл айтты

Танымал әнші Төреғали Төреәлінің әйелі Толқын Тұрарбекқызы алтыншы перзентін күтіп жүр. Күні кеше әншінің әйелін дәрігерлер ауруханаға жатқызған. Баланың денсаулығы мен өмірін сақтау үшін осындай шешім қабылданған.


«Босанатын зал. Жансақтау бөлімі. Қатты шөлдеп жатырмын. Мейірбикелерге өтініп, су беруін сұрасам да ешкім көңіл аудармайды. Балам туралы хабарды да ешкім айтпады. Бас айналғандай болады. Ұйқым да келеді. Бірақ бар уайымым шалабай баламның жағдайын білу болып тұр. Бірақ белден төмен қарай денемді сезбеймін. Аяқтарым қанша ұрсам да жаны жоқ. Ал балама қалай жетемін?


Қиналсам да аяқтарым сәл тіріле бастағанда коридордың шетімен ақырындап балалардың жансақтау бөліміне жеттім. Ұлымды көріп көзіме жас үйірілді. Аналық махаббаттың үлкен құдірет екенін тағы сезіндім... Дәл осылай үш жыл бұрын кіші ұлым дүниеге келіп еді. Қазір жүктілік кезеңін сақтау бөліміндемін. Біраз күнге жатқызып қойды», - деді Төрештің әйелі.


Ол сондай-ақ қыз-келіншектерді өз-өзіне тірек болуға шақырды.


«Сол кездерде ішім толған үрей, уайым, тынышсыздықта жүрген екенмін. Шынайы тыныштықтың не екенін сезінбей жүре беруге де болады екен. Ішкі арпалыс ең быт-шыт жағдай шығар. Не өзіңді жеп қоясың, құнсыздандырасың, сосын ештеңеге көңілің толмайды. Немесе өзіңді аяйсың. «Байғұспын» деп ішіңдегі арпалысыңа айналаңды кіналайсың. Бүкіл адам қандай бір деңгейде бұл этаптан өтетін сияқты. Ол адамның табысына, әлеуметтік статусына қарамайды. Ол бөлек адамның ішкі әлемі. Айтқым келетіні, сіздің ішкі әлеміңізді ешкім білмейді. Түсінбейді. Ішкі сезіміңізді де. Сондықтан әр адам өзіне тірек бола білуі маңызды», - деді Толқын Тұрарбекқызы.