«Қай бетімді шымшиын?!»: Ернар Айдардың өз әнін айта алмай ұятқа қалған видеосы пайда болды

0
1 456

«Ұят жоқ деген осы»


«Қай бетімді шымшиын?!»: Ернар Айдардың өз әнін айта алмай ұятқа қалған видеосы пайда болды


Отандық танымал эстрада әншісі Ернар Айдардың Республика күніне арналған концерттердің бірінде жанды дауысты өз әнін өзі айта алмай ұятқа қалған видеосы пайда болды. Онда әнші «Сүйген жүрек», «Күнім, сен сөнбеші» әндеріні даусы жетпей, айта алмағаны анық көрінеді.


Желідегілер «Мен жақсы айтатын шығармын. ұят-ай! Кеше ғана мақтаған едім... Мақтаған қыз тойда....», «Беттің қалыңдығы жанның рахаты деп жүре береді бұлар», Жаттау айтып жатыр ма?», «Димаштан басқасының бәрін сахнаға жолатпау керек. Сахнадан қуу керек», «Ұят жоқ деген осы. Аңқау елге арамза молда деген», «Қай бетімді шымшиын?!» деп Ернар Айдардың ән айта алмағанына алуан түрлі пікірлерін қалдырды.